Қызылордада адам өліміне себепші болған қоғамдық көлік жүргізушісі сотталды
Қызылордада адам өліміне себепші болған қоғамдық көлік жүргізушісі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осыған орай Қызылорда қаласының №2 соты қоғамдық көлік жүргізушісін ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп таныды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, үш жылға көлік құралын жүргізу құқығын шектеу жазасы қолданылды», - деді Қызылорда қалалық №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Мира Жақыпова.
Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Бұдан бұрын Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын 4 жылға сотталғаны хабарланған еді.