Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын болады
Қазақстанда 22-24 қаңтар аралығында қар жауып, бұрқасын болады және күшті жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш тәулікте республикада ауа райымен байланысты жағдай айтарлықтай өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағындары бұрынғыша ауа температурасын климаттық нормадан жоғары ұстап тұрады», - деп хабарлады Қазгидромет.