ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨЛІКТЕРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОБДИШАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ЕМЕС, ОНЫҢ БАР БОЛУЫН ТЕКСЕРЕДІ
Полиция қызметкері көліктердегі медициналық көмек қобдишасының ішіндегі дәрілік заттардың құрамын емес, оның болуын тексереді, деп сендірді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.
Еске сала кетейік, Қазақстанда көліктердегі медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы өткен жылдың желтоқсан айында бекітілген болатын. Осыған сәйкес 2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамын жаңартуы қажет.
«Өткен жылдың соңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмек қобдишасының құрамын қайта қарастырды. Бұл тек осы ведомствоға қатысты мәселе. Ал біз Әкімшілік Кодекске және ережеге сәйкес көлікте медициналық көмек қобдишасының болуын тексереміз. Бірақ осы қобдишада қандай дәрілік заттар сақталып жатқандығына қарамаймыз, бұл тұрғыда полицейдің жалғыз мақсаты қобдишаның автокөлікте міндетті болуына мән беру», - деді Лепеха Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясының негізгі қағидалары туралы» атты брифингте.