Жаңа мүмкіндіктер жылы

«Сәтті қадам» жобасы арқылы 8-11 сыныпоқушыларын кәсіпорын, цех, зауыт жұмысымен таныстырып, сала мамандарымен сұхбат ұйымдастырдық. Мамандық таңдауда көзбен көріп, көңілге түйгеннің пайдалы болатыны белгілі ғой. Ал, жастар жылына орай облыстық «Жас Отан» ЖҚ тың бастамаларды жоспарға енгізуде. Республика бойынша «Жастар жылындағы жетістігің» атты ауқымды акцияны бастадық. Шарада әрбір жас биыл бағындырған белестерін, жеңістерін әлеуметтік желіге «#JJJ2019» белгісімен жариялап отыруы қажет. Жыл соңында акция қорытындыланып, жеңімпаз жастар туралы арнайы жинақ және бейнеролик шығарылады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмысшы топ құруды жоспарлап отырмыз. Мұнан өзге, жастар мәселесін талқылау үшін форум, вайнерлер байқауын, жас тарихшылар конференциясын өткізбекшіміз. Ал, атқа міну мәдениетін жалғастыру, дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында наурыз мерекесі секілді үлкен көлемдегі «Ұлы дала елі» атты жастар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мұнымен қоса жастар жылына орай облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының кешенді жұмыс жоспарын бекіттік.
Елбасымыз біздерге жастарға зор сенім мен қатар үміт артып отыр. Тіпті жастарға мемлекетіміз бір жылды арнап отыр. Сондықтан әрбір жас өзінің күш жігерімен, арман мақсатына нық қадам басып, еліміздің дамуына түрлі салада үлес қосуы қажет деп есептеймін.Талғат ТІЛЕС
«Жас Отан» Жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы