Сыр бойында «Бастау» жобасы аясында 1600 адам кәсіпкерлікті меңгерді
Қызылорда облысында «Бастау» жобасы аясында 1 мың 600 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Олар бір айлық курс аясында бизнес-жоба құрып, оны жүзеге асырудың қыр-сырына қанықты, деп хабарлайды «24.kz».

«Бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сол кісілерге сүймелдеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кәсіпкерлік негіздерін оқытып болғаннан кейін қажеттіліктеріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банктерге қалай жұмыс жасау керек, соның барлығын толық үйреніп шығатын болады азаматтар», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархат Әбжаппаров.