Қызылордада 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қызылордада өткізілген «Мигрант» шарасының барысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысында 16-20 қаңтар аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды анықтау, тұрақты тұратын және уақытша тұратын шетелдіктерді тиісті есепке алуды қамтамасыз ету.
Шараға департаменттің Көші-қон қызмет басқармасы және Жергілікті полиция қызмет басқармасынан барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабына сәйкес 30 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен 5 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.