Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді
23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы 24.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады. Іс-шара барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады. Спикерлер ретінде әртүрлі салалардағы жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасайды. Мәселен, танымал кәсіпкерлер, стартаптар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет саласындағы мамандар сөз сөйлейді деп күтілуде.