Жекелеген мемлекеттік органдардағы кадрлық процесстер автаматтандырылады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік органдардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға тапсырма берді. Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі озық елдер тәжірибесін және бизнес-процестерді ұйымдастырудағы корпоративтік сектордың озық тәжірибесін ескерді.
Өткен жылдан бастап Агенттік бірыңғай автоматтандырылған персоналды басқару қызметін құру жөніндегі жобаны іске қосты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жобаның мақсаты «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс-қағаздарды тек қана онлайн режимге ауыстыру болып табылады.
Қағаз құжат айналымынан бас тарту, техникалық функцияларды автоматтандыру Агенттікке Персоналды басқару қызметін орталықтандыруға мүмкіндік берді. Енді олардың негізгі миссиясы кадрларды стратегиялық HR-менеджментке сапалы және кезеңді көшу болып табылады.
Біздің басты жетістік - шығындардың оңтайландырылуы, процесстердің стандартталуы және еңбек тиімділігінің жақсаруы. Болашақта еңбекақы төлеу жүйесіде сол жүйеге біріктіріледі.
Қазір жобаға Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Астана, Шығыс Қазақстан әкімдіктері және Атырау облысының бір ауданының әкімдігі қосылды.
Агенттікте осы мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен осы жүйені енгізу бойынша одан әрі өзара іс-қимыл механизмдері талқыланды. Мемлекет дамуындағы адами капиталдың рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, қатысушылар персоналды басқару қызметтерін күнде қайталанып істелінетін функциялардан босатудың маңыздылығын атап өтті және мемлекеттік аппаратты әрі қарай кәсібилендіруге баса назар аударды.