Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі өтті
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президент Әкімшілігі жанындағы Қызылорда облысы бойынша арнайы өкілінің міндетін атқарушы Әлімжан Қорғанбаев, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және идеология жөніндегі барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары мен басқарма қызметкерлері қатысты. Алдымен алқа мәжілісіне қатысушы делегаттар басқармаға қарасты орталықтарды аралап, жұмыстарымен танысты.
Алқа мәжілісінде 6 мәселе қаралды. Онда жалпы, қоғамдық саяси ахуал, діни ахуал тұрақтылығы жайында баяндамалар жасалды.
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ашты.
"Елбасы тарапынан жергілікті атқарушы билікке қойып отырған 3 міндет бар. Қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу және салық базасын нығайту. Ең бірінші басты мәселе - қоғамдық саяси тұрақтылық. Осы жұмыстарды үйлестіретін, оның өзектілігін және тағы басқа даму тенденцияларын, бағыттарын зерделеп, қарап, барометрін дер кезінде анықтап, қоғамға өзінің ұсынысын беріп отыратын ішкі саясат, идеология саласы. Қоғамның барлық тыныс-тіршілігіне араласып, пульсін сезіп отыруымыз керек", - деді Р.Рүстемұлы.
Мәжілісті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Маханов қортындылап, облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы 2019 жылғы жоспар, міндеттерді атқаруда қала, аудандарға тапсырмалар беріп, жүйелі жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.