Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz 21 қаңтарға арналған жұлдыз жорамалын ұсынады.
Тоқты
Бүгін бизнесте айыңыз оңынан туып, жаңа серіктестер табасыз. Бірақ ақырын сөйлеп, қадамыңызды анық басыңыз, өз дегеніме жетемін деп дөрекі мінез танытпаңыз.
Торпақ
Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге талпыныңыз, сыпайы болыңыз. Адамдармен сөйлескенде қызбалыққа салынбаңыз. Әйтпесе, өзіңізге жау тауып алуыңыз мүмкін. Дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Ескі достарыңызбен, таныстарыңызбен кездесіп қалуыңыз ғажап емес.
Егіздер
Ішімдікке әуел болмаңыз. Сол сияқты химиялық қоспасы көп заттар мен бояулардан аулақ болғаныңыз жөн. Олар сізге айтарлықтай зиянын тигізеді. Тамақты да ойланып жегеніңіз дұрыс. «Ауру астан» деген қағиданы берік ұстанып, сақ болыңыз.
Шаян
Бүгін ұжымда ұйымшылдықпен жұмыс істейсіз. Кездесулер, келіссөздер күтіп тұр. Өзіңіз жеке-дара жетістікке жету қиын. Ресми қарым-қатынастар сәттілік әкеледі.
Арыстан
Бүгін кедергілерге тап боласыз. Егер жігерлілік танытып, табанды болсаңыз, тамыр-таныстарыңызды іске қоссаңыз, онда мәселелердің түйінін тарқатасыз. Диета ұстап, дене жаттығуларын жасауды да ұмытпаңыз.
Бикеш
Бүгін киім-кешек сатып алуға және тамаша таңдау жасауға қолайлы күн. Әшекейлер, жиһаздар сатып алсаңыз да өкінбейсіз. Дене-бітіміңіздің сымбатты болғанын қаласаңыз, тәттіні құмарта бермеңіз.
Таразы
Бүгін адамдармен тез тіл табысуыңыз оп-оңай. Достық пейіліңізді шынайы көрсетіп, күліп жүрсеңіз, сізге кез келген адам жүрегінің есігін айқара ашады. Дөрекілік, біреуді орынсыз кінәлау бумеранг секілді өзіңіздің маңдайыңызға соққы болып тиюі мүмкін. Сондықтан ренжіскен таныстарыңыз болса, кешірім сұрап, достасуға асығыңыз.
Шаян
Қаржылық тұрғыда қолайлы күн. Табыс табуға ниет еткен ісіңіз сәттілік әкеледі. Үйіңіздің қауіпсіздігіне де көңіл бөліңіз. Мәселен, сигнализация орнату, үй іргесіне жиналған су немесе қардан тазарту секілді жұмыстарға назар аударыңыз.
Мерген
Жаңа туындаған мәселелерді шешуде сіздің ырқыңызға көнбейтін жайттар бар екенін ұмытпаңыз. Өзім білімдікке салынбаңыз. Бүгін көркем мінезді болуға тырыссаңыз, мәселелердің қалай реттелгенін өзіңіз де түсінбей таң қаласыз.
Тауешкі
Қаржылық тұрғыда жолыңыз болады, мол табыс табасыз. Сіздің еңбекқорлығыңыз бүгін лайықты бағаланады. Қонақ күтуге немесе қонаққа баруға қолайлы күн.
Суқұйғыш
Іскерлік қарым-қатынасыңызды күрделендіре бермеңіз. Мәселелердің барын мойындап, реттеуге ұмтылыңыз. Ең бастысы, сын сәттен шығарар дұрыс шешім қабылдай біліңіз. Сонда ғана игі іс жемісін береді.
Балықтар
Жақын әрі жақсы көретін адамдарыңызға қамқорлық, сыпайылық көрсетіп, жылылық танытыңыз. Олардың көңіліне тиетін, ренжітетін ауыр сөз айтпаңыз.