Су деңгейі көтеріледі
17-19 қаңтар аралығында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Алматы облысында қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен суы деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгиромет" РМК-ның облыстық филиалы.

Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының әлсіреуі, өзен арнасының ысылу және су деңгейінің көтерілуі күтілетіндігін ескертеміз.