Сыр өңірінің тарихынан сыр шертетін "Өлкетану" оқулығы әзірленді
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы әзірленді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

5-6-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығында Сыр өңірінің тарихы, киелі жерлері жайлы аңыздар, тарихи деректер, тарихи тұлғалар, ұлттық қолөнер, туристік маршруттар басқа да қажетті мәліметтер жинақталған.
Аталған оқулық 2018-2019 оқу жылының 2-ші жарты жылдығынан бастап оқытылады.