21 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер
1992 жылы Орал ғылыми орталығы құрылды. Мекеменің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты облыстық жер қойнауындағы су қорларын зерттеу және оны кешенді игеру, су-экология, топырақ және биотехнология мәселелеріне арналған. Сондай-ақ аталмыш орталық Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізеді.
2007 жылы Алматыдағы Магнитогор көшесі актер, КСРО-ның халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтің атына өзгертілді.
2009 жылы Республиканың елордасында қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Баспа қаланың тарихымен, экономикасымен, тұрғындары құрамымен, мәдениетімен, бiлiмімен, ғылымымен, географиялық назар аударатын жерлерімен, тарихи және мәдени мұрасымен, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдерімен таныстырады. Энциклопедияда ғылым мен бiлiмнің, өнердiң белгiлi қайраткерлерiнің өмiрбаяндық мәлiметтерi енгізілген. Бас редактор, ғылыми-редакция кеңесінің төрағасы - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, кеңестің мүшесі - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Рымғали Нұрғали, Қазақстан Республикасы Президентік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, және т.б. Энциклопедия 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылған.
2010 жылы Атырау облыстық өлке тану мұражайы жаңа экспонаттармен - өткен ғасырдың 8 күмiс қасықтарымен толықтырылды. Бағалы олжаны - күмiс қасықтарды - оқушы Дамир Мырзағалиев құрылыс жұмыстары үшiн әкелген құмнан тапты. Ол, оларды мұражайға тапсырды. Қасықтарда күмістің сынамасы және 19 ғасырдың соңында істеп шығарған зауыттың таңбасы бар.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Балық шаруашылығының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану мәселелеріне, заңды жетілдіруге бағытталған.