19 қаңтар:атаулы күндер мен оқиғалар
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпаратттық агенттігі оқырмандарына 2019 жылғы 19 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.
1940 жылы Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының негізі қаланды (қазіргі - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Бүгінгі таңда университет Қазақстан және шетел мемлекеттерінде беделі өскен оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып табылады.
2006 жылы Атырауда жаңа жасанды ұшыру-қону алаңы пайдалануға беріліп, оған «Боинг-757» ұшағы алғашқы болып ресми түрде келіп қонды. Ұшыру-қону алаңының ұзындығы - 3000, ені - 45 метр. Екі қапталында әрқайсысының ені 7,5 метр қауіпсіздік жолақтары бар. Жаңа алаңның ұзындығы бұрынғыдан 650 метрге, ені 16 метрге ұзарған. Жобалау жұмыстарын әлемнің 60 елінде 500 жобалау жұмыстарын атқарған Голландияның «NACO B.V» фирмасы жүргізді. Бұл - барлық үлгідегі әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы ең берік алаң болып табылады.
2009 жылы Қызылордада «Ақ орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің «Ұшқыр жебе» атты жастар қанаты құрылды. Жаңа құрылымның негізгі мақсаты - жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, талантты және өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдау болып табылады. Оларды ғарыштық және ғылыми-техникалық мамандықтарға баулығаннан кейін азаматтық қоғам институттарын құру арқылы құқық бұзушылыққа қарсы күрес белсенділігі арттырылады.
2009 жылы 28 күмiс шақа Атырау мұражайы қорын толтырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шектеулі тиражпен шығарылған 28 күмiс естелік шақаларын Атырау филиалына тапсырды.
2010 жылы Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығында жаңадан құрылған Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы (ҚТӘМ) алғашқы басқосуын өткізіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар өткізді. Қауымдастықтың басты мақсаттары - орыс мектептерімен және мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқытудағы инновациялық шешімдерді іздестіру, қазақтың дәстүрлерін көпшілікке тарату, балалардың отансүйгіштік қасиетін ояту.
2010 жылы «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың өткен жылғы жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты тарататын онлайн-хабарлама қызметін іске қосты. Электрондық ақпаратқа қол жеткізу туралы тиісті келісім жасаған салымшылар интернет арқылы өзінің жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Аталмыш қызмет Қазақстанның барлық аумағында тегін рұқсат етілген.
2008 жылы Оралда Ғабдолла Тоқайдың Орал орталығының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Разақ Әбузаровтың редакциялауымен «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері» атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа 35 автор - ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылардың еңбектері топтастырылған. Бұл Ғ.Тоқайдың Орал орталығының Орал, Қазан жұртшылығымен, Еуразиялық кеңістік ғалымдарымен 12 жылдық жұмысының нәтижесі іспеттес. Еуразиялық идеяны жүзеге асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастау алғаны белгілі. Кітапта осы идея негізгі арқау болып тартылған. Қазақстан, Татарстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде еуразиялық ойлауды қалыптастыру, жаһандану жағдайында тілдің, ұлттық құндылықтардың жойылып кетпеуі, дінаралық келісім және басқа өзекті мәселелер кеңінен сөз болады.
2010 жылы Қарағанды облысындағы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен қаланың екі - Маяковский және Горький көшелерінің атаулары өзгертілді. Олар бұдан былай белгілі жерлестерінің - Ошақбай Асылбековтің және Камал Смаиловтың аттарымен аталады. Бұрынғы партия қайраткері Ошақбай Асылбеков кеңес дәуірінде Жезқазғанның қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Ол «Жезқазғанның құрметті азаматы» атағын алған. Камал Смаилов Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, профессор.