Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұлдыздар бүгін сіздің жағыңызда. Сіз қандай істі қолға алсаңызда оңынан шешуге тырысасыз. Қиын мәселенің өзін оңай шеше аласыз. Сіз үшін алынбас қамал жоқ. Сондықтан қорықпай алға қарай қадам баса беріңіз.
Торпақ
Жаңа идеяларыңыз бен жаңа серіктестеріңіздің арқасында іскерлік кездесу мен келіссөздерді сәтті өткізесіз. Бүгінгі жұмысыңыз тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Бүгін өткен күннің қателіктерін қайта қалпына келтіретін күн.
Егіздер
Бүгін белсенділік танытып, жұмысыңыз алға басады. Алайда бұл сізге қосымша қаражат келеді деген сөз емес. Сізге ақша қалай келсе, сол ізбен қайта шығатынын ұмытпаңыз. Лауазымды тұлғалардың қолдауы қызметте табысқа жетуге көмектеседі.
Шаян
Бүгін көпшіліктің назарында боласыз. Сіз көптен ойға алған істі жүзеге асыруды ойлап жүрсіз. Оны дәл бүгін қолға алатын боласыз.
Бүгін жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Жақын адамыңызбен сырласып, бір-бірлеріңізге ойларыңызды ашық айтыңыздар.
Арыстан
Өмірге деген құштарлығыңыз артады. Көптен ойға алған істі немесе жоспарларыңызды жүзеге асыратын күн. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз түзеледі. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз.
Бикеш
Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Ойлағаныңыз бен іс-әрекетіңіз екі түрлі болса, сәттілік сізден теріс айналуы мүмкін. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз. Әйтпесе, барлығы сіз ойлағаннан да қиын болуы мүмкін. Необдуманные решения или импульсивные поступки приведут к непредсказуемым
Таразы
Керемет күн. Бұл белгідегі басы бос нәзікжандар бүгін өздерінің екінші жартысын көздестіріп қалуы мүмкін. Ал ер адамдар өмірге деген көзқарастарын, өз ұстанымдары мен жоспарларын түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Таразылар бүгін қызметін ауыстырып, өзі қалаған істі бастауы ғажап емес.
Сарышаян
Достарыңыз бен жақындарыңыздың ақыл-кеңесінен гөрі, өзіңіздің ішкі ойыңызға үңіліңіз. Себебі, ішкі түйсік ешқашан алдамайтынын түсініңіз. Серіктестер мен туыстарыңызбен ара-қатынасыңызды бекіте түсесіз.
Мерген
Кез келген істегі мәселелерді шешуге қолайлы күн. Сонымен қатар бүгінгі күн өзіңіздің сырт келбетіңізге қарап, сәтті сауда жасайсыз. Сондай-ақ кешке романтикалық кездесуге барасыз.
Тауешкі
Сіз бүгін өте ақкөңілсіз және көпшілсіз. Ақшаны босқа шашпай, үнемшіл болыңыз. Қажетті бұйым сатып алмас бұрын, қолыңыздағы қаражатты есептеп алыңыз.
Суқұйғыш
Күш-жігеріңіз артып, өз-өзіңізді керемет күйде сезінесіз. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бүгін кездейсоқ таныстықтар орын алып, өзекті мәселелер шешім тауып, армандарыңыз орындалады.
Балықтар
Ұнатқан жанға сөз салып, махаббат жайында әңгіме қозғаңыз. Романтикалық кеш ұйымдастырып, оның көңілінен шыға біліңіз. Бүгін сіздің жұлдызыңыз жарқырайтын күн. Сырт келбетіңізге көп көңіл бөліңіз.