Жаңалығы көп – «Жан Арай»
«Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет - еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай екі жарым есеге көбейту».
Елбасы Жолдауында айтылған бұл басым міндеттер аймағымызда нақты жүзеге асып келеді. Биыл «Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экспорт көлемін арттырып, кәсіпкерлік ауқымын кеңейтуде, деп хабарлайды «Qyzylorda» телеарнасы.
«Жан Арай» ЖШС 2002 жылы құрылды. Сол уақыттан бері агросектор саласында табысты еңбек етіп келе жатқан серіктестік үшін 2015 жыл жаңа бастамаларға толы болды. Қала іргесінен «Жан Арай» күріш ақтау және жем зауыттары іске қосылды. Жем зауыттың тәуліктік қуаттылығы 80 тонна құрама жем шығару. Өнімді ауылшаруашылығы кооперативтері ет,сүт бағытындағы шаруашылықтары тұтынуда.
Ал күріш ақтау зауытында бүгінде жұмыс қызу. Ақталған ақ күріштің бір сорты – комалина. Қапталған өнімдер қыздың жиған жүгінде қоймаға жиналады. Серіктестікке тонналаған сыр салысын экспортқа жөнелтуде үйреншікті үрдіске айналған.
«Биыл 4 жылдың көлемінде «Жан Арай» ЖШС өзінің шығарған өнімдерін облыстың халқына, көршілес ел Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріне және Ресей мемлекетіне сатудамыз. Күріш ақтау зауыты 150-ден астам заманауи техникалармен жабдықталған. Кешенде 150 адам жұмыс жасауда», - дейді «Жан Арай» ЖШС директоры Бағдәулет Махашов.
Серіктестік бірнеше жыл бұрын қолға алған жобаның бірі ет бағытындағы қаз бен үйрек өсіру шаруашылығы. Құны 60 млн. теңге болатын жарқын бастама бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Айдарлының Сорқұдықкөл маңайына электр желісі тартылды. Қазіргі таңда көлді сумен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Ендігі меже қолда бар құс санын 20 мыңға дейін жеткізу.
Агросектор саласындағы серпінді істерден бөлек серіктестік сервистік қызмет көрсету кәсібін де қолға алды. Былтыр қазан айында «Жан Арай» кешенін іске қосты. Семинар-тренингтер, конференциялар өткізуге кәсібін бастаушыларға арналған дәрістер жүргізуге залдар және заманауи оқу орталығы бар.
«2018 жылы біздің соңғы жаңалығымыз «Жан Арай» кешенінің ашылуы. Мұнда оқу орталығы, 2 конференция залы және арнайы жабдықталған арнайы сыныптар бар. Сонымен қатар 50 адамға арналған қонақ үй мен мейрамхана бар»,- дейді серіктестік директоры Бағдәулет Махашов.
Айрықша жасақталған кешенде 150 және 500 орындық тойхана да жұмыс жасайды. Асхана, лоундж-бар және банкет залы да заманауи жиһаз жабдықтармен қамтылған. Бір сөзбен айтқанда жаңа ныанда іскерлік пен мерекелік маңызды сән-салтанатты шараларды лайықты атқаруға бар мүмкіндік жасалған.