Мәдина Сәдуақасоваға күйеуі жаныңда жүрген көмекші жігіттерді жұмыстан шығаруды талап еткен
Мәдина Сәдуақасова – қазақ эстрадасындағы ең сұлу әншілердің бірі. Дәл осы себепті күйеуі Олжас Смағұлов әншіні еркек атаулыдан қызғанады. Тіпті, Мәдинаның режиссер күйеуі оның өнердегі әріптестерімен дуэт айтуына қарсы, деп жазады Stan.kz.

“Соңғы 7-8 айда төрт-бес адам ауысқан шығар. Барлығын санап қарасам, Сәкен, Азамат, Руслан, Қайыржан болды. Әйгерім Қайнарбек, ендігі көмекшім қыз бала. Өйткені менің жолдасымның шарты болды. “Жолға, сапарға кеткен кезде, көйлегіңді, киімдеріңді ауыстырғанда ер баланың жүргенін қаламаймын, қыз болсын”, – деді”, – деп еске алды Мәдина КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында.
Мәдина Олжастың айтқанын орындады, есесіне өз қалауынан да бас тартпады.
“Менің өнерімде ешқандай жігіт болмасын деді. Қалай өнерде ер адаммен дуэт болмайды? Қалай ер адам бейнебаянға түспейді? Олжас, сен түсінші. Ол өнер, сахна. Сен түсінесің, сен режиссерсің. Киноның, театрдың, әннің, сахнаның не екенін білесің. Жарайды, өзің айтқандай, қасымда қыз бала жүреді. Бірақ осы сәттен бастап біз жігіттермен дуэт жазамыз дедім, ол да келісті”, – дейді Сәдуақасова.