Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі болжанады.Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады.