Жұлдыздар не дейді?
Тоқты
Бүгін жай күндердің бірі емес. Жан-жағыңызға мұқият болыңыз. Өздерінің игілігі үшін сіздің еңбегіңізді пайдаланғысы келетіндер көп, сондықтан сенгіш болмаңыз.
Түстен кейін өзіңізбен-өзіңіз қалып, алдағы күнге жоспар құрыңыз. Жаңа істерге ден қою үшін кейбір жұмыстарды кейінге қалдырасыз.
Торпақ
Сенгішсіз, әрі ашуға тез берілесіз. Сондықтан кейбір сәттерде өзге түгіл өзіңізге ұнамайтын ерсі қылықтар көрсетіп, мінез көрсетесіз.
Өзіңізге аса ұнамсыз болса да, пайда әкелетін кездейсоқ кездесу болмақ. Достық құшағыңызды ашыңыз, сонда ғана барлық мәселеден аулақ боласыз.
Егіздер
Өте тәуекелшілсіз. Сондықтан бүгін айтарлықтай табысқа жетесіз. Табысқа жету үшін табандылықтың да қажет екенін ескеріңіз.
Мол тәжірибесімен бөлісетін жандарға кезігесіз, олардан пайдалы ақпарат аласыз. Күннің екінші жартысында сізді тосынсыйлар күтіп тұр.
Шаян
Айналаңызда болып жатқан оқиғаларды жіті түсініп, көп нәрсеге қол жеткізесіз. Өзіңіз ұнататын істі қолға алудан қорықпаңыз. Сүйікті іспен айналысу арқылы жағымсыз әсерлерден арыласыз.
Назарыңызды аударатын тұрмыстық мәселелер орын алады. Олардың шешімін дереу табуға тырысыңыз. Шешім табуда ешкімнің көмегіне жүгінбей, өзіңіз шешекеніңіз жөн.
Арыстан
Жаңа бастамаларда табысқа жету қиындау, ал үйренген ісіңізде табысты болу оңайырақ болмақ. Жолға шығар болсаңыз түске дейін шыққаныңыз дұрыс.
Ал кездесуге барар болсаңыз кешкі уақытты таңдаңыз. Бұл кездесуде кез келген мәселені қозғап, жақын жанмен жағымды әңгіме-дүкен құрасыз.
Бикеш
Туыстарыңызбен түсініспеушіліктер орын алады. Көпшілік сіздің қолдауыңызға зәру. Қолыңыздан келгенше көмек көрсетіңіз.
Маңызды мәселелерді шешемін деп әуре болмаңыз немесе ірі жобаларды қолға алудан аулақ болыңыз. Керісінше, оң нәтиже беретін істі жүргізгеніңіз жөн. Достарыңызбен жолға шығуға өте қолайлы күн.
Таразы
Қарбалас күн. Бүгінгі күнге жоспар құрмағаныңыз дұрыс. Өйткені, ойыңыздағы кейбір істерді қалт жіберіп алуыңыз мүмкін.
Сауда-саттық жасар болсаңыз, тек тізім жасап алыңыз. Артық ақша жұмсаудан аулақ болыңыз.
Сарышаян
Ұмыт болған адамдармен қайта жолығасыз. Өткен күндерді ой елегінен өткізіп, ескі танысыңызбен қайта қауышуыңыз мүмкін.
Жауапкершілігі көп жұмысты мойныңызға жүктемеңіз. Өзіңізге тым сенімді болып, қиын жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сауда-саттық жасасаңыз сәтсіз болуы мүмкін.
Мерген
Өзгелермен қарым-қатынасты жақсартамын деп әуре болмаңыз. Ашуға беріліп, ішкі эмоцияңызды сыртқа шығарып алудан сақтаныңыз. Әйтпесе, ашудан туған кикілжіңдер мен реніштер көпке дейін ұмытылмауы мүмкін.
Жұмыста табысты боласыз. Жаңа идеяларыңыз көпшілікке ұнайды. Бірақ оны жүзеге асырамын деп асықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар.
Тауешкі
Бүгінгі өте жақсы басталады. Дегенмен, әр нәрсеге бола қобалжайтыныңыз анық. Күйгелектене бермеңіз.
Түстен кейінгі уақытта барлығы жақсы екеніне көзіңіз жетеді. Кешке қарай қаржылық мәселені түбегейлі шешесіз. Ойламаған жерден ақша түседі және сәтті сауда жасайсыз.
Суқұйғыш
Бүгін жақын адамдарыңыздың өзі сізбен келіспеуі мүмкін. Бұл әрине сіздің көңіл-күйіңізді түсіреді. Мұндайда сабырлылық сақтағаныңыз жөн. Кейбір «суқұйғыштар» бүгін өте қызғаншақ өзге түгіл өзі түсінбейтін мінез танытуы мүмкін.
Жоспарды тез өзгерте алатын жандар үшін бүгінгі күн аса ауыр емес. Ал тек жоспармен ғана қозғалатын «суқұйғыштар» жүйкесін тоздырары анық.
Балықтар
Кикілжіңдерден, даулардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл айналаңыздағылармен ара-қатынасты суытып жіберуі мүмкін. Жаныңызға жайлы жерде, мәселен, сізге деген достық пейілі кең жандардың жанында болғаныңыз дұрыс.
Жаңа тапсырмаларды орындаудан гөрі, күнделікті атқарып жүрген істі орындау оңай. Сондықтан үйреншікті іспен айналысқаныңыз жөн.