Алдашбай ахун ауылындағы тың серпін
Қармақшы ауданы әкімінің есепті кездесуі Алдашбай ахун ауылдық округінде өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы атқарылатын міндеттері туралы кезекті есебі тыңдалды.
Ауылдық округ әкімі Фархат Шегебаев өз баяндамасында ауыл халқының негізгі тіршілік көзі мал және ауыл шаруашылығы екендігін атап өтті.
Ауылдық округте 2018 жылы «Майлыөзек» серіктестігінде 4 га картоп, 2 га көкөніс, 50 га жаңа жоңышқа, жеке қожалықта 45 га бақша өнімдері егілді. Алдашбай ахун ауылдық округі бойынша салық органына 34 жеке кәсіпкер тіркелген. Жастар тәжірибесімен 3 жас маман жұмысқа орналасып, «Нәтижелі жұмыспен қамту-жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес «Бастау-Бизнес» курсында 7 адам білімін жетілдірді. «Ауыл шаруашылық қолдау қоры» арқылы 2 азамат жұмысын бастап, «Өңіраралық инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 6 ауыл тұрғыны еңбек етуде Грантпен қаржыландыру бойынша 2 ауыл тұрғыны кәсібін өрістетуде.
Баяндамалар тыңдалғаннан кейін Алдашбай ахун ауылдық округінің тұрғындары атқарушы билік өкілдерінің есебін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.