Эйфель мұнарасы жазды күні 15 сантиметрге ұзарады
Құрметті оқырман, oldkaz.kyzylorda-news.kz көп жылдардан бері «ғылым бүй деп айтады, ғылым сүй деп дәледейді» дейтін жалған аңыздарды нақты дәлелдермен жоққа шығарып, дұрысын іздейді. Кембридж университетінің вирустанушысы Крис Смиттің ғылыми зерттеулерін негізге ала отырып, шындықтың бетін ашып көрелік.
• Ауада дыбыс суға қарағанда екі есе жылдамырақ тарайды.
Дұрыс емес!
Шын мәнісінде, дыбыс толқындары суға қарағанда ауада 4 есе жай тарайды
• Эйфель мұнарасы жазды күні 15 сантиметрге ұзарады.
Иә!
Өйткені, күннің ыстығынан металл қызады.
• Жазық жерге қарағанда тауда оттегі аз болады деседі.
Жоқ!
Оттегі төмен емес, ауаның қысымы төмен. Жазықпен салыстырғанда тау басындағы от- тегі жазықтағымен тең.
• Ыстық суы бар шәйнек пен суық суы бар шәйнектің салмағы бірдей ме?
Жоқ!
Эйнштейннің Е=mc2 теңдеуі есіңізде болар. Яғни, энергия масса мен жарық жылдамдығына тең. Ал, шәйнек қызған кезде жарықтың жылдамдығы арта түседі. Сөйтіп, оның салмағы да артады.
• Теңіз суының тұздылығы күн өткен сайын арта түседі деген рас па?
Жоқ!
Теңізден ағып кететін судың мөлшері қанша болса, оған құятын өзендердің саны да сон- ша. Сондықтан кез-келген теңіздің тұздылығы 3 пайыздан аспайды.
• Бөтелкедегі су крандағы судан таза ма?
Жоқ!
Дәрігерлердің көпшілігі суды краннан алып ішпеуді сұрайды. Бірақ Неймеген университетінің докторы Рокус Клонт басқаша санайды. Ол сатылымдағы 65 минералды суға зерттеу жүргізген. Олардың 40 пайызының құрамында бактериялар бар болып шықты. Суда кездескен 21 бактерияны лабораторияда өсіріп шығаруға болады.
• Ең суық жер солтүстік полюстің үстінде.
Жоқ!
Атмосферадағы ең суық ауа экватордан 80 шақырым жоғарыда.
• Адамның басының үлкендігі миының көптігін білдіреді.
Жоқ!
Осыны білмек болған АҚШ-тың психикалық денсаулық институтының зерттеушісі Питер Шоу 6 жастағы 300 балаға тексеру жүргізіпті. Мидағы «сұйық заттың» көлемін анықтау барысында ол қызық жағдайға тап болады. Ақылды балалардың миындағы «сұйықтық» өте аз болған. Бала есейген сайын оның мөлшері тез көбейіп отырған. Бірақ 11 жас- тан кейін тағы азайып кеткен. Бұл өзгерістер, әсіресе, логикаға, тез ойлап, жоспар құруға жауап бере- тін ми бөлігінен байқалған. Демек, адамның ақылды болу-болмауы «сұйық заттың» көлеміне емес, мидың қызметіне байланысты.