Шиелі аудандық кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып Азамат Есимов тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Есимов Азамат Ғаниұлы 1989 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және 2015 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының құқық мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Шиелі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2012-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының тіркеушісі, инспекторы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және испекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы болып қызмет істеді.
2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарып келеді.