ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМА ЖАЗЫП ЖАРЫСТЫ
Облыстық «Табиғат тынысы» экологиялық басылымының ұйымдастыруымен «Мен табиғатты сүйемін!» атты шығармашылық сайыс өтті. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың шаһар тазалығына деген жанашырлығын оятып, отансүйгіштік қасиетке баулу. Бәйге қоржынына мектеп оқушыларының жазған 70-тен астам шығармасы түскен.
Нәтижесінде қазылар шешімімен А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің 8 сынып оқушысы Рүстем Айболат бас жүлдені иеленді. Жүлделі I орынды Белкөл кентіндегі №189 мектептің 9 сынып оқушысы Нұрсұлу Ербай қанжығасына байласа, Әсел Ертуған мен Арал қаласындағы №83 мектептің оқушысы Алмас Сағынбайдың шығармасы II орынға лайық деп танылды. Ал жүлделі III орынды Жалағаш ауданы №31 мектептің оқушысы Гүлдана Тұрарова мен Шиелі ауданындағы №141 мектептің оқушысы Шұғыла Сағатбек місе тұтты. Жүлдегерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.