ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ КӨЛІКТІ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АЙЫРЫЛДЫ
Қазақстанда өткен жылы көлікті басқару құқығынан 50 мыңға жуық адам айырылды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.
«Жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін көлікті басқару құқығынан 48 мыңнан астам азамат айырылды. Сонымен бірге әкімшілік қамауға 8 мың 600 жүргізуші алынды», - деді Лепеха орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
«Белгілі болғандай, былтыр жол қозғалысы ережесі саласында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық 2 млн. 321 мыңға жетті. Бұл бағытта өсім 24 пайызды құрады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. 42 млн. теңгені қамтыды. Оның ішінде жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұл мөлшері 21 млрд. 672 млн. теңгені құрады»,-деді Лепеха.