М.Шәменов ауылдық округінде ауыз су мәселесі толық шешімін тапты
Жалағаш ауданы Мөрәлі Шәменов ауылдық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары екі кезеңмен жүргізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жөнінде бүгін аудан басшысы Қайратбек Сәрсенбаев М.Шәменов ауылдық округіндегі тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтып өтті.
Ауылдық округ бойынша бірінші кезеңге 2017 жылы 118 млн. 284 мың теңге игерілген. Өткен жылы екінші кезең бойынша 170 млн. 839 мың теңге қаралып, ауылдағы барлық үйдің ауласына ауыз су тартылды. Қазіргі таңда ауылда ауыз су мәселесі толық шешімін тапты.
Сондай-ақ, кездесу барысында ауылдық округ әкімі Ғалымжан Есжанов, учаскелік полиция инспекторы Асылбекұлы Айбек жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесуге қатысушылар аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің жұмыстарына оң бағасын берді.