Ел өңірлерінде көктайғақ, бұрқасын мен екпінді жел сақталады
16 қаңтар күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынмен өтетін құбылмалы күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-20 м/с, кей уақыттары 25 м/с артады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында түнде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарын тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады.