Масаң күйде көлік жүргізген аралдық 20 тәулікке қамалды
Арал қаласының тұрғыны көлік құралын басқаруға құқығы болмаса да «ИЖ Планета-4» маркалы мотокөлік құралын масаң күйде басқарған, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамалды.