Сыр өңірінде халық саны қанша болды?
2018 жылдың 1 желтоқсанына облысымыздағы халық саны 793,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, қалалықтар – 351,5 мың (44,3%), ауылдықтар – 441,8 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-қарашада туғандар саны 17575 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қарашасына қарағанда 0,7% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,35 туғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-қарашадағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 223 адамға немесе 1,6% артты, 13617 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,87 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 3958 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қарашасына қарағанда 2,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,48 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-қарашада облыста 1 жасқа дейінгі 161 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 4,5% көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,16% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашадағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 33034 адам кетіп, облысқа 29560 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 5,1%, ал облыстан кеткендер саны 1,5% көбейген.
Алыс және жақын шет елдерден 25 адам (2017 жылғы қаңтар-қарашасында – 20 адам), республиканың басқа облыстарынан 8030адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8295 адам келген болатын.
Облыстан 11470 адам немесе жалпы көлемнің 34,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-қарашасында тиісінше 12700 адам немесе 39,0% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 67 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-қарашасында 49 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 3440 адамға, 2017 жылғы қаңтар-қарашасында 4405 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 21493 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-қарашасында 19785 адам).