Қызылордалық 2316 оқушы ҰБТ-ның алғашқы кезеңіне қатысады
Қызылорда облысы бойынша 2316 түлек қаңтардағы білім бәйгесіне қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сынақтар Қызылорда қаласымен қатар Жаңақорған және Қазалы аудандарында орналасқан тестілеу бекеттерінде өткізіледі. Айта кетейік, тестілеудің алғашқы 3 кезеңі ақылы түрде өтеді.
Бағдат Бердәулетов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
– Биылғы жылы қаңтар айында, 2-кезең наурыз айында, 3-кезең маусым-шілде және тамыз айларында жүргізіледі. Тағы бір ерекшелігі, балаларының тестілеуге қатысуына ата-аналары жауапты. Мектеп әкімшілігі немесе ұстаздар қатынаспайды.