Болат ағаның түсірген суреттері – Сыр бойының тірі тарихы
Болат Омарәлиев қазақтың кешегі тарихына байланысты көптеген фотодеректер қалдырған ғажайып жан.
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ,
ақын, Жазушылар Одағының мүшесі
Facebook парақшасынан
Шиеліде аудандық газетте жұмыс істеген Сайдхасан Хутаевтың талай фотоларын кезінде газеттерден көргенмін. Түпнұсқасы болмаған соң ол суреттердің сапасы жайында енді ештеңе айта алмаймыз. Марқұмдардың мұрасының сақталмай қалғаны өте өкінішті. Біз осындай жұмыстарға құнтсызбыз ғой. Мен Израилге қоныс аударып кеткен Владимир Мыльников деген фотографтың өзі түсірген талай фотосын мемлекеттік архивке өткізгенінің куәсі болғанмын.
Әйгілі фотограф Нұрғожа Жұбанов та қайтыс боларының алдында фотоларымды архивке өткіздім деп айтқан-ды. Ал қазақ фотографтары Сайлау Пернебаев, Берсінбек Сәрсенов, Алашыбай Есмағамбетов т.б. марқұм болған ағалардың архивтері ең алдымен Қазақстан Жазушылар одағына керек еді. Осыны одақта істейтін жігіттерге бірнеше рет айтып, саналарына сіңдіре алмадым.Сол сияқты Болат Омарәлиев ағамыз түсірген фотошежірелер әлі баға жетпес құнды қазынаға айналады. Ол сөзсіз. Түрлі тақырыптар бойынша фотоальбомдар шығару қажет. Болат ағаның түсірген суреттері – Сыр бойының тірі тарихы!
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ,
ақын, Жазушылар Одағының мүшесі
Facebook парақшасынан