Шойын жолдың бойында кездесті
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының өкілдері теміржолшылармен шойын жолдың бойында кездесті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Ерекше кездесудің мақсаты жылдың төрт мезгілінде үнемі жол бойынан табылатын теміржолшылардың тындырымды істерін, белгілеген міндеттерін сәтті орындап шыққанын көру, әрі хал-жағдайларын білу.
Ауа райының қолайсыз күндерін елеп ескермейтін дистанция және телім басшылары ПЧ, ШЧ, ДС пойызын қалпына келтіру бойынша 60-қа жуық теміржолшы дамыл таппай өздеріне тиісілі бұрмалы бағыттаманы ауыстыруда. Әрқайсысы өздеріне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен атқарды.
Теміржолшылар партия өкілдеріне рельсті төсеу кезінде бекітілген нормалардың сақталғанын, рельстердің техникалық талапқа сай орналасқанын айтып, жұмыс барысын баяндады.
Саланың әр мекемесінен келген мамандар тынымсыз еңбектің нәтижесінде өз міндеттерін 4 сағаттың ішінде орындап шықты.