Ауылдағы білім ордасына мектеп-лицей мәртебесі берілді
Сырдария ауданы Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектепке мектеп-лицей мәртебесі берілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
600 орындық мектеп-лицейде қазіргі таңда 85 мұғалім жұмыс жасайды. Жалпы кабинеттер саны – 32. Іргелі білім ордасында 592 оқушы білім алуда.
Айта кетейік, мектеп-лицейдің директоры Ж.Назаров Астана қаласында өткен республикалық байқауда «Үздік директор – 2018» аталымы бойынша марапатталған және жыл қорытындысымен «Ең шығармашыл директор» номинациясы берілген. 18-2019 оқу жылында білім ұясы екінші мәрте «Үздік білім ордасы» атты ауыспалы туды жеңіп алды. Ауыл мектебінің жетістіктеріне орай «Мәді Қажы» ЖШС мектеп-лицей ұжымына «Hyundai Grand Starex» автокөлігін сыйлыққа берді.