Өткен жылы Сырдарияда 42 пәтер пайдалануға берілді
Сырдария ауданында өткен жылы 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын.
2018 жылдың қараша айында 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарына 42 пәтер берілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, №1, 2 тұрғын үйлер құрылысын 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс берілген.
Сонымен қатар №5, 6 үйлердің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жобаны наурыз айында қаржыландыру үшін республикалық бюджетке ұсынып, қосымша 36 пәтер салынатын болады. Жалпы алдағы уақытта 78 пәтердің құрылысын жүргізу жоспарда тұр.