Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 14 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін сіз үшін сәтті болмақ. Ісіңіз алға басады. Жинаған тәжірибеңізді ой елегінен өткізіп, нақты қадам жасауға тырысасыз. Көптен бері қолыңыз жүрмей, аяқсыз қалып кеткен жобаларыңызды жүзеге асырасыз. Бұл өз жемісін береді. Сіздің алыс-жақын таныстарыңыз жетістігіңізге себепкер болатынын да ұмытпаңыз.
Торпақ
Кез келген жұмысқа қырағылықпен қараңыз және әр қадамыңызды аңдап басыңыз. Бүгін қызмет ауыстыруға, табыс көзін табуға, жұмысыңызды жоспарлауға қолайлы күн. Сізге маңызды шешімдер қабылдауға да тура келеді. Бірақ, ойдағыдай нәтижеге тез қол жеткіземін деп ойламаңыз.
Егіздер
Коммерциялық тұрғысынан қарасақ, бүгін сіз үшін қолайлы болмақ. Осы уақытқа дейін жоспарлаған бастамалар мен идеяларыңызды іске асыруға мүмкіндік туады. «Жеті рет өлшеп, бір рет кесіп», әрекет етсеңіз, табыс әкеледі. Әріптестер мен бәсекелестеріңіздің тарапынан көреалмаушылықтар болады, ұрыс-керіс те болуы мүмкін. Оған алаңдамаңыз, өзіңізді сабырға жеңдіріңіз. Барлық ісіңіз, тіпті тәуекелге бел буған қадамыңыз да сәттілік әкеледі.
Шаян
Бүгін сіз кез келген іске, әсіресе, табыс әкелетін әрекеттерге аса жауапкершілікпен, байсалдылықпен қараңыз. Жақындарыңыз бен серіктестеріңіздің көмегінен бас тартпаңыз. Бәрібір соңғы шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Яғни оң нәтижеге жетуде табандылығыңыз бен іскерлігіңіз маңызды рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.
Арыстан
Арыстандардың кәсіпкерлік көкжиегі кеңейетін күн. Келісім-шартқа отыру, құжат рәсімдеу секілді шаруалар күтіп тұр. Алайда, бұл жұлдызнама белгісіндегі әйелдердің абайлағаны жөн: жолында жалған кеңес беретіндер мен жамандық тілейтіндер кезігуі мүмкін. Ер адамдар болса, ұлақ жолға, тіпті іссапарға шығып кетуі мүмкін.
Бикеш
Отбасы мүшелері арасында рухани үндестік, үйлесімділік пайда болады. Некеге тұруыңыз да ғажап емес. Аяғыңыз ауырласа, оған да таң қалмаңыз. Күтпеген жерден ұтысқа жетіп, материалдық жағдайыңыз жақсаруы мүмкін. Тек босаңси көрмеңіз. Соның салдарынан күннің екінші жартысында айналаңыздағылармен, мәселен, көршілеріңізбен керісіп қалып жүрмеңіз. Мүмкін болса, оңаша қалуға тырысыңыз.
Таразы
Бүгін сіздің алдыңыздан позитив те, негатив те кезігеді. Түске дейін кез келген ісіңіз оңғарады, бірақ ойыңызды ішіңізде сақтаңыз. Әйтпесе, түстен кейін жоспарыңыздың күл-талқаны шығады. Күннің екінші жартысындағы адамдармен қарым-қатынасыңыз, іскерлік кездесулеріңіз ойдағыдай нәтиже бермейді. Керісінше, сау басқа сақина тілеп алуыңыз мүмкін. Бүл күні ішімдік ішуге мүлде болмайды.
Сарышаян
Қолайлы күн. Жұмыста шығармашылық шабытыңыз оянып, кез келген адамның қалыбына сыя бермейтін көзқарасыңызбен таңқалдырасыз. Түйсігіңізді тыңдаңыз. Ақша табудың жаңа көздері ашылуы ғажап емес. Қиын жағдайлардан шығуға қол ұшын беретін жаңа серіктестер, ықпалды қамқоршылар пайда болуы мүмкін. Ірі үй жануарларына қарау кезінде сақ болғаныңыз абзал.
Мерген
Ішкі қуатыңыз жаңғыратын күн. Дүйсенбінің бірінші жартысында кел келген кездесуіңіз өз жемісін бермек. Шығармашылығыңыз, коммерциялық қызметіңіз, сапарыңыз, құрылыс және жөндеу жұмыстарыңыз сәтті болады. Күннің екінші жартысы сізді туыстарыңыз бен балаларыңызға қатысты жағымды жаңалықтармен қуантады.
Тауешкі
Сіздің рухани күш-қуатыңыз тасып, еңбек әлеуетіңіз артады. Жаңа жұмыстар сәтті іске асады, алайда бөтен біреулердің шаруаңызға килігіп, араласып кетуі кері әсерін тигізуі мүмкін. Назарыңыз ауып жүрген жанмен романтикалық кездесу немесе ет жақын адамыңызбен есте қаларлықтай жүздесу күтіп тұр.
Суқұйғыш
Іскерлік белсенділік, шығармашылық ізденіс жағынан қолайлы болмақ. Махаббат сезімін де бастан кешіресіз. Ал отбасында жағымда аура қалыптасады. Коммерциялық іс-қимылдарда жолыңыз болады. Өмірдегі елеулі өзгерістерге дайын болыңыз. Көптен бері ойлаған арман-мақсатыңызды орындайтын сәт келді. Тек өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.
Балықтар
Ұтыс немесе сәтті сауда-саттықпен байланысты қаржылық табысқа кенелуіңіз мүмкін. Бұл белгідегі ер адамдарды романтикалық кездесу, қызықты танысулар күтіп тұр. Ал нәзікжандылар болса, әңгіме барысында серігіне өз көзқарасын тықпалап, айтқанын істетіп, дегеніне көндіруге тырыспасын. Себебі, бұл өзара ренішке алып келуі мүмкін.