Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 26 сессиясы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Осыған дейін, облыстық сайлау комиссиясының құрамы Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 04 сәуірдегі №191 шешімімен сайланып, үстіміздегі жылы олардың өкілеттік мерзімі аяқталады.
Сессияның күн тәртібіне «Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» мәселе ұсынылды.
Жиында уақытша комиссия төрағасы Ібайдулла Тілеп хабарлама жасап, облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидаттарды ашық дауыс беру арқылы сайлауды ұсынды.
Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, ұсынылған шешім жобасын бір ауыздан бекітті.