Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Ішкі эмоцияларыңызды сыртқа шығармағаныңыз жөн. Неғұрлым ішкі сезімдеріңізді сыртқа білдірмесеңіз, соғұрлым дау-дамайдан өзіңізді алыс ұстайсыз. Дәл қазіргі сәтте сізді біреу түсініп немесе сізге қолдау білдіреді деп айту қиын. Сондықтан тек өзіңізбен өзіңіз болғаныңыз дұрыс. Алайда сізді біреу қолдайтын болса, онда ол адамға толықтай сенім арта беріңіз.
Түстен кейін сіз қаламаған кездесулер болуы мүмкін. Кездесуге бара қалсаңыз, өзіңіздің ашық-жарқын қалпыңыздан танбаңыз.
Торпақ
Күннің алғашқы жартысы қиынға соқпақ. Өзіңізді ешкімге керексізбін деп сезінуіңіз мүмкін. Бірақ еш уайымдамаңыз. Мұның барлығы шаршағандықтан болуы мүмкін.
Өз ісіңізге мығым болсаңыз, көп іс тындырарыңыз анық. Түстен кейінгі уақытта бұрын мүмкін болмаған істің өзін оңай еңсересіз. Бұрын айналысқан істі қайта қолға алатын күн. Жалпы, бұл күні қайсыбір істе болмасын барлығында да табысқа жетуге болады.
Егіздер
Табысқа жету үшін біраз тер төгесіз. Әріптестермен сөзге келіп қалуыңызда ғажап емес. Қандай жағдай болмасын сабырлылық сақтаңыз. Ашуды ақылға жеңдірер болсаңыз, кедергілерге тап болмайтыныңыз анық.
Ең алдымен өзекті деген жұмыстармен айналысыңыз, ал қалғанын кейінге қалдырғаныңыз жөн. Мұндай жағдайда біраз шаршап қалуыңыз мүмкін. Сондықтан түстен кейін біраз демалғаныңыз дұрыс. Яғни, кешке қарай ешқайда шықпағаныңыз абзал.
Шаян
Қиын күн. Сіз өте аңғалсыз. Сондықтан болар жолыңызда кездескендердің барлығына бірдей сеніп, біраз қателіктер жіберуіңіз мүмкін. Кімге сеніп, кімнен бойды аулақ ұстауда абай болыңыз. Тек жақын жандарыңызға ғана сеніңіз.
Күннің екінші жартысында жұмысқа қатысты жақсы жаңалықтар болуы мүмкін. Табысыңызды көбейтетін жаңа жол ашылмақ.
Арыстан
Түске дейінгі уақыт сіз үшін сәтті болмақ. Өз-өзіңізге деген сенімділік бойыңызға күш беріп, өзгелер шалынған жерден сіз еш кедергісіз өтіп, жетістікке жетуге болады. Бірақ, өз жоспарларыңызды өзіңіз жүзеге асыруыңыз қиын. Үнемі өзгелердің көмегіне жүгінетіндіктен, бұл жолы да сол әдетіңіз кедергі болып, жетістікке жету мүмкіндігінен айырыласыз.
Жұбыңызбен ара-қатынасыңыз жақсы. Бұл тұрғыда ішкі ойыңыз сізді алдамайды.
Бикеш
Бүгін сіз үшін ауыр күн болғанымен, оны оңай, әрі тыныштықта өткізесіз. Ешнәрсеге алаңдамайсыз. Егер өзіңіз дүрбелеңге түспесеңіз, барлық қиындықтарды жеңуге болады.
Бұрынғы қарым-қатынастарды және ұсақ кикілжіңдерді жақсартуға болады. Бұрын жіберген қателіктеріңізді қалыпқа келтіріп, ортақ шешімге келе алмай жүрген адаммен тіл табысасыз.
Таразы
Қаржы жағынан қысыласыз. Жалпы, бұл күні қаражат мәселесіне кіріспегеніңіз жөн. Жұмысқа қатысты көп уәде бермеңіз. Көтере алмайтын шоқпарды, беліңізге байламағаныңыз дұрыс. Өзге біреудің жіберген қателігіне сіз жауап беруіңіз мүмкін. Өзгелерді өз сөзіңізге сендіру қиынға соғады.
Мүндай жағдайда жақындарыңыздан көмек сұраңыз. Сонда ғана өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, олардан көмекте алып қалуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Ұстамды болыңыз. Өзіңізді дұрыс басқара біліңіз. Өйткені бүгінгі күні орын алатын оқиғалар бір-бірімен шиеленісіп кетуі мүмкін. Сондықтан әр мәселені сабырлықпен қабылдап, оны дұрыс шеше біліңіз. Жұмысқа қатысты ұсыныстарда абай болыңыз.
Өзіңіз қажет емес деп тапқан жұмыстар көп уақытыңызды алуы мүмкін. бірақ бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізе біліңіз. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді. Жақындарыңыздың мәселесін тыңдай біліңіз.
Мерген
Сіз үшін сәтті күн. Барлық мәселе өз кезегімен шешімін тауып жатады. Ықпалды адамдардың құрметіне ие боласыз. Ойда жоқта жұмысқа қатысты жақсы ұсыныс жасалады. Дайын болыңыз.
Жеке өміріңізге де, жұмысыңызға да қатысты біршама мәселелерді біржақты етесіз. Көп адамның қолдауына ие болып, бұрын ренжіткен жандармен ара-қатынасыңызды түзейсіз. Алайда арам пиғылды жандардан сақтанып жүріңіз.
Тауешкі
Күн жақсы өтеді, алайда мұнан да жақсы болғанын қалайсыз. Жолыңыздың болмауына өзгелерді кінәлауды доғарыңыз. Өзгелерге деген өкпе-ренішті ұмытыңыз. Жаныңызды ауыртатын мәселелерді кейінге қалдырыңыз. Дәл бүгін оны шеше алмайсыз.
Жұмысыңызға ден қойыңыз. Өз ісіңізге сенімді болсаңыз да жасаған жұмысыңызға өте абай болыңыз.
Суқұйғыш
Күннің алғашқы жартысында қиындықтар орын алуы мүмкін. Сіздің бүгін жіберген қателігіңіз көпшіліктің талқылауына түсіп, айналаңыздағылармен қарым-қатынас қиындай түседі. Бірақ көп уақыт өтпей барлығы өз орнына келеді.
Түстен кейін көңіл-күйіңізді көтеретін жағдайлар орын алып, бір демалып қаласыз. Сауда-саттық жасап, романтикалық кездесу ұйымдастыруға таптырмас күн.
Балықтар
Күн жағымсыз басталғанымен өз пайдаңызға шешілмек. Жеке өміріңізге де, жұмысқа да қатысты мәселелерді оңынан шеше аласыз. Ескі таныстарыңыз немесе сенімді серіктестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз.
Жеке қарым-қатынаста өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сонда ғана айыңыз оңынан туады.