Қызылордалық дөрекі полицейлер жазаланды
Қызылорда облысы Арал ауданында қызметтік міндетін атқару барысында жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен жергілікті полиция қызметкерлері тиісті жазаға тартылды.

Бұл оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 1 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ал тағы 2 қызметкер қызметіне толық сай еместігі анықталып, олар тәртіптік жазаға тартылды», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.