Қызылорда еліміздегі арзан тұрғын үй беретін аймақтардың үштігіне кірді
Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы еліміздегі ең арзан тұрғын үй беретін аймақтардың үштігіне кірді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Egemen Qazaqstan» газетіне сілтеме жасап.
Өткен жылдың қортындысы бойынша облыс орталығындағы үйлердің құны шаршы метрге шаққанда 141 теңге болған. Ал, ең арзан пәтерлер құны жөнінен Тараз бен Петропавл қалалары шаршы метріне 116 және 140 теңгемен алдыңғы орында тұр. Сәйкесінше, ең қымбат пәтерлер жөнінен Астана, Алматы және Атырау қалалары көш басында келеді. Мұнда пәтерлердің бастапқы құны шаршы метріне үш жүз мың теңгеден асады.