Төреғали концертте екі бүлдіршіннің аузына түкіріп, құйрығынан тепті (видео)
Төреғали Төреәлінің сахнадағы тағы бір әрекеті көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Stan.kz.
«Ұлы дала баласы» Елордада өткен концерттердің бірінде қос бірдей бүлдіршіннің аузына түкірді. Олар кері бұрылған кезде, құйрықтарынан тепті.
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы әншіні сахнадағы әрекеті үшін қатал сынға алса, екіншілері ауыл-аймақта мұның қалыпты нәрсе саналатынын, ал Төрештің бар болғаны салтты ұстанып жатқанын атап өтті.
«Ауылдан шыққан бала салтты ұмытпайды. Жарайсың, Төреш. Ол баланы жамандықтан теуіп жатқан жоқ. Көз тимесін елдің назары балаға емес, басқаға аусын деген мақсатпен жасады», – деп атап өтті желі қолданушылары.