Қызылордада масаң күйде жүрген инспекция басшысы жазаланды
Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық аумақтық инспекция басшысына Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін ескерту түріндегі тәртіптік жазасы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында аудандық аумақтық инспекцияның басшысының тәртіптік ісі қаралды.
«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 5-тармағының 13- тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс» деп көрсетілген. Сондай-ақ, сол кодекстің 7-тармағының 1-тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс» деп көрсетілген», - деді Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Тәртіптік істі қарау нәтижесімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысына ескерту түріндегі тәртіптік жазасы берілді.