Елімізде желтоқсан айында тұрғын үйлерді алу-сату көрсеткіші азайды
Былтыр жыл соңында еліміз бойынша тұрғын үйлерді алу және сату көрсеткіші азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желтоқсан айында 22 мыңға жуық келісімшарт жасалған. Бұл қарашадағы деңгеймен салыстырғанда 7,4% аз. Десе де, өткен жылы тұрғын үйді алу және сатуға қатысты 265 мыңға тарта мәміле тіркелген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 10,4% жоғары. Соңғы деректер бойынша баспананы алып сату тізімінде Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр. Ал, соңғы орындарға Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары жайғасқан.