10 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
Қаңтардың 10-ы күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың бірқатар аумақтарында жауын-шашын болып, кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болуы ықтимал, сондай-ақ жел күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.