Сырдарияда жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды
Сырдария ауданындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды,-деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Аталған агенттік аудан тұрғындары мен жастарды Батыс өңірдегі «қара алтын» мұнай өндіретін көптеген компанияларға жұмысқа тұрғызумен айналысады.
Жеке жұмыспен қамту агенттігін ауданда ашып жатқан осы салада бай тәжірибесі бар, бүгінде зейнеткер Жамиға Іздібаева. Батыс өңірдің мұнай саласына жұмыс іздеушілер түйіндемені осы кісіге тапсырып, тиісті ақыл-кеңес ала алады. Агенттік жұмысын үйлестіретін «Ерсін» кадрлық агенттігінің өкілі А.Құдабаев өздерінің жұмысшыдан бастап, инженер-техник қызметкерлерге дейін жұмыс табуға көмектесетіндіктерін, мамандығы жоқтарға ақылы курс ұйымдастыратынын жеткізді. Бұл курс жергілікті жерде өтеді.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары «жұмысқа тұрғызамын» деп алдап ақша алатын алаяқтардың саны артып отыр. Бұл агенттік олардың «бизнесіне» тосқауыл қояды.