«Нұрлы жер»: Қызылорда алдыңғы қатарда
«Нұрлы жер» бағдарламасының 2018 жылғы қорытындысымен 100 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.
Мемлекеттік бағдарлама басталған 2 жыл ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі бойынша алдыңғы қатарда Астана қаласы (4,7 млн м²), Алматы қаласы (2,6 млн м²), Маңғыстау (1,8 млн м²), Ақтөбе (1,5 млн м²), Атырау (1,3 млн м²), Алматы (1,3 млн м²) және Қызылорда (1,2 млн м²) облыстары тұр.
Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады.