Сырдарияға көгілдір отын биыл беріле бастайды
Сырдария ауданына табиғи газ келетін күн алыс емес, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуін аудан әкімдігі назарында ұстап отыр.
Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысын 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда.
Бұл жобаны іске асыру үшін 2019 жылға республикалық бюджеттен 525 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52 млн.теңге қаржы бөлінуде. Сонымен бірге, 2020 жылға 1 млрд 679 млн.теңгені республикалық және 188 млн.теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.
Осы орайда аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Тереңөзек кентіндегі 22 мекемеге газ желісін қосу үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жоба сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 64 млн.теңге қаржы бөлінді.