Өзендегі су деңгейі көтеріледі
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша 6-8 қаңтар күндері Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылмалылығына байланысты су деңгейінің көтеріліп алқапқа шығуы мүмкін, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 6-8 қаңтар күндері Қызылорда облысында ауа-райының жылынуына байланысты жазықтық жерлерінде еріген қар суы пайда болады деп болжануда.