Сырдарияда Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар
Бүгінде Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, елге жеңіспен оралған және өңірдің өсіп-өркендеуі жолында жемісті еңбек еткен үш майдангер бар, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отан үшін отқа түсіп, жауға тойтарыс берген майдангерлер есімі Яхия Тасыров, Маханбет Бержанов және Дәуітбай Сақтағанов. Сырдариялық соғыс және еңбек ардагерлерінің барлығы бүгінде аудан орталығы Тереңөзек кентінде тұрады.
Аудан әкімі Ғани Қазантаев мереке күндері соғыс және еңбек құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Соғыс даласында елін жаудан азат етуге тер төккен майдангерлерге "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Елге жеңіспен оралған қаһармандар ауданда ұйымдастырылатын іс-шаралардың құрметті қонағы болып, халыққа ақ баталарын беріп келеді.