Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды
Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 440 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 1,3 % аз (қараша айында - 26 108 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан.
Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың - 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,3%, көкөністер мен жемістерге - 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,3% жұмсалған.