Қызылордада «Балалар қысқы демалыста» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі
Облыс көлемінде оқушылардың қысқы демалыс кезеңінде ағымдағы жылдың 5 мен 7 қаңтар күндері аралығында «Балалар қысқы демалыста» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, суық қару тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ оқушылар мен студенттер арасында құқыққа қайшы іс-әрекеттерге баруына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, сонымен қатар балалардың тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру болып табылады.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі