Жанкент ауылында амбулаториялық емхана ашылды
Бүгін Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округіне қарасты Жанкент ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ашылуына аудан әкімі М.Ергешбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары О.Искаков, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Қонақтар жаңа нысанның ішкі құрылымымен танысып, соңғы үлгідегі медициналық құрылғымен жабдықталған амбулатория ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ауылдық емхананың сыйымдылығы 10 орындық. Дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер және 9 медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Ғимарат 1 қабаттан, 1 блоктан (43 бөлімшеден) тұрады.